Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындауы » Средняя школа №60
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№60 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 54-10-91
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-10-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындауы
13
ноябрь
2023

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындауы

Лауазымы:  Мектеп тәлімгері  уақытша бос орын (декреттік орын)
Мекен - жайы:
Жамбыл ауданы;
Ақбұлым ауылы;
Жібек жолы 265;
 Пошталық мекен -жайы:60mektep.edu@mail.ru
тел: 
8(7262)51-10-91;
Электронды пошта: 
60mektep.edu@mail.ru
 Уақытша бос лауазым: 
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
     1) Осы қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
     2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
     4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
     8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
     9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
     10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
 11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
     12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда қосымша құжаттар ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми - әдістемелік жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным).
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.12.2023- 15.12.2023 күндер аралығында жүргізіледі. 16.12.2023 күні құжат қабылданбайды.